Е.Мадияров 1971 жылы Ресей Федерациясы Омбы облысы Есілкөл ауданында туған.
Ветеринариялық дәрігер мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1992 жылы Омбы облысы Лесной кеңшарында ветеринариялық дәрiгер қызметінен бастаған. 2001-2006 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешені мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, 2006-2014 жылдары Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарған. Кейін ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi қалалық аумақтық инспекциясының басшысы болған.
2014 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, ал осы тағайындауға дейін облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы